Тістерді протездеу (ортопедия)

Ортопедия — түрлі құрылымды тісті протездердің көмегімен тіс қатарының бүтінділігін қалпына келтірумен айналысатын тістердің түсіп қалу себебін зерттейтін стоматологияның бөлігі болып табылады.

Протездеуге және ауыз қуысын толығымен емдеуге қойылған қазіргі заман талаптарына сәйкес протездеуді кәсіби тістерді тазартудан, хирургиялық дайындықтан, тістің эндодонтикалық емдеуінен (азу каналдары), қабыну негіздерін жоюдан және кариозды қуыстарды жоюдан кейін іске асырады.   

Ортопедиялық стоматология протездеудің екі түрін ұсынады:

- Алынбайтын. Олар арнайы цементтелетін материалдардың көмегімен қатты ауыз қуысында белгіленіп, нық бекітіледі.

- Алынбалы. Жиі ол тіс тізбегінің толымсыздығы кезінде қолданылады. Алынбайтын протездерге қарағанда, алынатын протездерді гигиеналық күтім үшін мерзімімен тазалап отыру керек.

Кей жағдайдарда алынатын және алынбайтын элементерден тұратын, ортопедиялық бұйымдар қолданылатын аралас протездеу қолданылады.

«Жемчужина Стомед» клиникасында организм тіндерімен биосыйымды жаңа әдістер мен заманауи материалдарды қолданыла күрделі мәселелерді шешетін, жоғары сатылы стоматолог-ортопедтер жұмыс істейді. Бұл қалпына келтіру мен өз тістеріңіздің саулығын сақтауға максималды тиімді нәтижесіне қол жеткізеді.

Ортопедиялық құрылымның түрі

- Металлкүйіктастан жасанды тіс

- Металлсыз жасанды тіс

- Бюгельді протездер

Баламалы протездеу:

- Имплантатты (сілтеме – имплантация)

- Виниры (сілтеме – винирлерді орнату)

Металлкүйіктасты жасанды тіс

Металлкүйіктасты жасанды тіс екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: өз тістеріңізге шайнау функциясын қайтару және әсем күлімсіреуге қол жеткізеді.

Металлкүйіктастан жасалған жасанды тіс — бұл алынбайтын аралас протез. Оны металлдан және күйіктасты қаптауынан өндіреді. Тіс функциясы металлды каркастан жасалады. Фарфор (қаптамасы) табиғи эмаль еліктеуіші болып табылады. Оның реңі тістің түсіне қарай таңдалады. Сол себептен, протез табиғи тістен ерекшеленбейді. Жиі металлкүйітас көпіршелі протез болып, тістің басқа бөлігі жасанды тістер үшін тірегі ретінде қызмет етеді.

Металлкүйіктастың ерекшелігі:

- Протездер сыртқы ықпалдарға төзімді

- Кез келген тісті протездеуге болады

- Жасанды тістердің рәсімінен кейін оны табиғи тістен айыра алмайсыз

Металлкүйіктастың кемшілігі:

- Табиғи тістердің қабығы егеледі

- Күйіктас опырыла алады

- Металлкүйіктастпен жанасу кезінде табиғи тіс тозады

- Қызыл иекте сұр қабық пайда болады (металлдың тотығу себебі)

Металлсыз жасанды тіс

Металлсыз күйіктас — жеңіл, сенімді және эстетикалық протездерді өндіретін стоматологиядағы жаңа жетістік (алынбайтын протез). Ол металлды қолданусыз, толық күйітас фрагментінен немесе күйіктастың циркония диоксидінде өндіріледі.

Біз металлсыз күйітаспен тек алдыңғы тістерді қалпына келтіруді ғана емес, сонымен қатар енді тістерді протездеуді және бірнеше тістер түсіп қалған кезде көпіршелі жасанды тіс протездерін де ұсынамыз.

Металлсыз күйіктастың ерекшелігі:

- Табиғи тістерді толығымен қайталау мүмкіндігі — мөлдірлігі, жарық өткізгіштігі

- Металл болмағандықтан жасанды тіс каптамасы құрылым жуындылығы тығыз болғандығымен жуан емес

- Тісті минималды өңдеу

- Аллергиялық реакцияларды қоздырмайды.

Бюгельді протездер

Протездеудің ең соңғы түрінің бірі бугельді (алынбалы) болып табылады. Ол жасанды тіс каптамасының астында қалатын шағын нықталғыш кілт арқылы бекітілетін, жеңіл құрылымды қолданыспен қамтамасыз етеді.

Бюгельді протездердің ерекшелігі:

- Әр элемент есептеліп, модельденетін нақтылығы жоғары протездер

- Жанама қатынасын сақтайтын киюшіге максималды ыңғайлылықпен қамтамасыз етеді

- Осындай протезді орнату операциясы хирургиялық араласуларды және анестезияны талап етпейді, жиі науқастар өздерін сабырлы ұстайды

Бюгельді протездердің кемшілігі:

- Жеткіліксіз эстетика (табиғи тістерден ерекше екенін анықтауға болады)

- Протездер алынбалы протездер түріне жатады, ал бұл оны уақытында шешіп, гигиеналық рәсімдерді өткізуді талап етеді.