Имплантация

Имплантация – тісі жоқ науқастарды сауықтыру мәселесін шешуге мүмкіндік беретін стоматологиядағы келешегі зор және озық әдістерінің бірі болып табылады.

Имплантация – сау күлімсіреуді ұзақ жылдарға сақтаудың ыңғайлы жолы.

Имплантация науқас үшін күрделі емес және қатты ауыртпайтын хирургиялық іс-шара болып табылады. Имплантациялық жүйесін таңдау және есептеуін тек хирург – имплантолог жеке консультация жүзінде ғана іске асыра алады.

Тіс имплантацияысының ерекшелігі:

- Қасындағы тәуір тістер зақымдалмайды

- Протездеудің басқа түрімен салыстыруға келмейтін ыңғайлылық пен жайлылық

- Имплантаттарды қолдану алынбайтын протезді жасауға мүмкіндік береді

- Имплантаттардың қолдану мерзімі көпіршелі протезге қарағанда шамамен 2 есе артық болып табылады

- Жақсы косметикалық әсер

Имплантация көрсеткіші:

- Бір немесе бірнеше тістің болмауы

- Жақ қабырғаларында тістің болмауы (алынбайтын протезді жасауға мүмкіндік береді)

- Тістердің мүлде болмауы (алынбайтын протезді немесе алынатын протезді жасауға мүмкіндік береді)

Тіс имплантациясының сатылары:

- Күрделі жоспарлама.

Имплантация операциясын жоспарлау кезінде имплантолог-дәрігерінің, ортопед-дәрігерінің сонымен қатар, егер қажет болған жағдайда ортодонт-дәрігерінің немесе пародонтологтың қатысуымен іске асырылу. Жоспарлау алдын ала науқастың организм жағдайын бағалаудан тұрады. Науқастың ауыз қуысын, сонымен қатар толығымен организмнің жағдайы бағаланады. Бұл сатыда ауыз қуысының тексерісі жүзеге асады. Жақтардың панорамалық суреті зерттеледі. Операция жасау алдында жегі бар тістерді емдеп, тістің кәсіби тазалауын іске асыру керек (тістің қабаттануын жою).

- Хирургиялық сатысы – тіс имплантациясының негізгі сатысы. Операцияның техникасы жергілікті күрделі әрекет ететін анестезия арқылы жүзеге асады. Оның мәні имплантат орнату. Имплантатты орнату жалғасымдылығы шамамен 30-50 минут уақыт алады. Рәсім ауыртпалық сезімдерін тудырмайды, дегенмен аздап ыңғайсыздық келтіруі мүмкін. Содан кейін, алыптан жасалған штифтке қалыптасу үшін уақыт беріледі. Бірнеше ай бойы қалыптасу рәсімін имплантолог-дәрігер қадағалап тұрады.

- Абатментті орнату. Дәрігер имплантат қызыл иек астында қалыптасқанына көз жеткізген кезде абатментті орнатады (бұл тіс имплантаты мен жасанды тіс қаптамасының аралық буыны болып табылады). Оны орнатудан кейін толық протездеу сатысының аяқталуына бір апта уақыт керек.

- Ортопедиялық сатысы. Бұл сатыда имплантантқа тістің жасанды қаптамасы немесе протездің басқа элементі нықталады. Содан, жаңа құрылыммен рақаттана қолдануға болады.